Volkswagen өзінің Polo маркалы көлігі негізінде жаңа кроссоверін жасап шығаруды жоспарлап отыр. Autocar порталының жазуы бойынша, жаңа көліктің өлшемі Audi Crosslane Coupe-пен бірдей болмақ.
Ал автокөліктің техникалық мүмкіндіктері болса, әзірге құпия сақталуда. Белгілісі, көлік алдыңғы жетекпен қозғалмақ. Толық жетекті түрін қосымша ақы төлеп алуға болады. Мамандар бұл көлікті сыртқы түрі мен техникалық мүмкіндігі жағынан Nissan Juke-ке бәсекелес болуға әбден лайық деп отыр.
Volkswagen компаниясының зерттеу орталығының басшысы Ульрих Хакебергтің айтуы бойынша, бұл көлік моделін біз тек 2014 жылы ғана көре алады екенбіз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: auto.mail.ru