Өзінің жоғарысапалы өнімдерімен аты шыққан Вибрам (Vibram) бренді Солт-Лейк-Ситиде өткен көрмеде көпшілік назарына кроссовкаға арналған концептуальды ұлтабанды (подошва) таныстырды.
Сәуледиодты жарықтандырулардан өзге де ұлтабанға экологиялық қауіп-қатерден белгі берер қондырғы қондырылған. Бір айта кетерлігі, алғашында аталған өнімді стратегиялық мақсатта жасап шығарғаны айтылады. Әскери өмірде, өрт сөндіру мәселесінде тұтынылып көрмек болған.
Біріктірілген (интегрированный) шамдар жолға жарық түсіріп, сол уақытта екі қол еркіндікте болмақ.
Vibram иесіне қоршаған ортаның теріс өзгерісі бірден хабарлануы үшін газды, жылы-жұмсақ, өзге де қондырғылармен жабдықтауға қолға алмақ.
Қондырғы саяхатқа немесе спортқа арналған кроссовкаларға да қолданылмақ.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/skvFRyQvtNA","width":"450","height":"240"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: media.club4x4.ru