Viber-ді планшетке қалай қондыруға болады?

Viber - Skype-тің аналогі бола алатын бірден-бір бағдарлама. Ол VoIP-телефония арқылы байланысқа түсуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аталған бағдарлама ешқандай тіркеу талаптарын қажет етпейді және кез-кезген смартфонның байланыс номерлерін өздігінен қосып алады. Ендеше аталған бағдарламаны нақты планшетке қалай қондыруға болатынын талдап көрелік.

Вайбердің көптеген қолданушылары тек байланыс номерлер арқылы ғана қашықтан байланысқа ене алуға болады деп ойлайды. Дегенмен, телефондық модулі жоқ апараттармен де қолдануға болады. Оны iPod Touch, iPad және өзге де планшеттер мен плейерлерге орната аламыз. Және Viber мультиплатформалы болып табылады, яғни Windows Phone, Android, Symbian, BlackBerry және iOS оперативті жүйелеріне бейімделіп жасалынған.

Оған алдымен, сізде Viber орнатылған смартфон болу керек. Егер сізде ол болмаса, досыңыздың смартфонын пайдалана аласыз. Дегенмен, қолданыстағы телефон номері өзіңіздікі болуға тиіс. Ал қалған орнату барысы стандартты түрде жүреді. Ал сосын сіздің номеріңізге растау мақсатында СМС арқылы жөнелтілген сандар топтамасын орнату керек болған плейер немесе планшеттің қажет сандар ретіне тересіз. Қалғаны белгілі алгоритммен кете береді.

Бағдарлама қосылғаннан кейін ешқандай байланыс номерінсіз қолдана беруге болады. Бар болғаны сіздің аппаратыңыз Wi-Fi арқылы ғаламторға кіріп тұрған болуы тиіс.

Егер Android оперативті жүйесімен жұмыс жасайтын планшетіңізге көшіріліп алынған Viber нұсқасы байланыс номеріңізсіз аталған бағдарламаны қабылдамай жатса, өз Google аккаунтыңызға достарңыздың номерлерін теріп жазып, сақтап шығыңыз. Сосын Viber бағдарламасы автоматты түрде аккаунт арқылы қажет ақпаратты алып, қосылатын болады. iPad және iPod Touch аппараттарында аталған проблемалар кезікпейді. Себебі олардағы байланыс номерлер реті сақталған болады. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: discussions.apple.com