- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- VIP-нөмірлер қаңтар айынан...
VIP-нөмірлер қаңтар айынан бастап сатылымға түсетін болды
Әдемі сандар комбинацияларынан құралған қазақстандық мемлекеттік нөмірлерді алдағы жылдың қаңтар айынан бастап сатып алуға болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, аукциондар өткізуге арналған барлық нормативті-құқықтық база жасалып, енді тек заң өз күшіне енуі керек екен. Қазіргі кезде осы заң жобасын Салық комитеті қолдап, ол жылдың соңына дейін басқа да инстанциялар қарауынан өтуі тиіс.
Біз осыған дейін сіздерге осындай мемлекеттік нөмірлердің бекітілген бағасы жөнінде хабарлаған едік. Енді ерекше нөмірлерді қосымша мемлекеттік баж ретінде төлеуге болады. Мысалы, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сияқты нөмірлерге 137 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), яғни 237 147 теңге төлейсіз.
Ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлеріне 228 АЕК, яғни 394 668 теңге салық салынатын болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: auto.lafa.kz
Б. Қосмағамбет