«Twitter» әлеуметтік желісі бірнеше күннен кейін жаңарады, - деп жазады шетелдік БАҚ.
Қазіргі кезде жариялаған твиттер хронология бойынша тізілетін болса, келер аптадан бастап олар басқа алгоритммен сұрыпталады.
Өзгерістер енгізілгеннен кейін, қолданушы қай хабарламаны бірінші болып көретінін «twitter» өзі шешетін болады. Бұндай принциппен «facebook» желісі жұмыс жасап жатқандығын айта кеткен жөн.
Бұл жаңарту арқылы «twitter» компаниясы қолданушыларына ең қызықты контентті ұсына алады. Бұл әлеуметтік желі қолданушылардың белсенділігін арттыруы мүмкін, себебі желіде қажет емес ақпараттар да тым көп жарияланады, - деп атап өткен компания басшылығы. Сонымен бірге бұл өзгеріс қолданушыларға еш қиындық туғызбайтындығы айтылды.
Дереккөз: inform.kz