- Негізгі бет
- Шолу
- Twitter-дің құны 11...
Twitter-дің құны 11 миллиард доллар
Twitter микроблогтар қызметінің нарықтық бағасы 11 миллиард долларды құрады. Бұл мәліметті Greencrest Capital компаниясының шолушысы Макс Вольф (Max Wolff) берді деп хабарлайды Forbes.
2011 жылы шілде айында Twitter 8 миллиард АҚШ долларына теңелген еді. Вольф болса әлеуметтік желінің қымбаттауын бірнеше себептерімен түсіндірді. Оның айтуы бойынша, соңғы уақытта Twitter-де қолданушы саны көбейіп, жаңа қызметтер пайда болған. Бұдан басқа, Twitter микроблогтар қызметін Apple компаниясы сатып алуы мүмкін деген болжам бар.
Twitter 2006 жылы шығып, 2010 жылы 3,7 миллиард долларды құраған. eMarketer сараптамалық компаниясы Twitter 2014 жылы жалқы жарнамалардың өзінен-ақ миллиардтаған ақша таба алады деген сенімде. 2012 жылғы мәлімет бойынша, Twitter INC компаниясында 900 қызметкер жұмыс жасайды. Alexa Internet сараптамалығының мәліметінше, аталған сайт әлемдегі ең көп қолданыста болатын сайттардың үштігіне кіреді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: wordpress.com
А. Құлтай