Twitter алдын ала көруге болатын контент көлемін арттырды

Twitter микроблог сервисы туит хабарламалардағы көруге болатын контент көлемін арттырды. Жаңа функционал сервистың контент-серіктесі АP компаниясының көмегімен қосылатын болады. 

Бұған дейін YouTube сервисындағы видероликтерді, Instagram-дағы фотосуреттерді ғана сервис бетінен алшақтамай ашып көруге болатын еді. Сонымен қатар, ретвиттер мен жауаптасуларды дәл осылай ашып көру мүмкіндігі болған.

Бұдан былай қолданушылар гиперсілтемелердің белгілі бөлігін сайттан алшақтамай көру мүмкіндігіне ие болады. Дегенмен бұл функционал әзірге сервистың контент-серіктестеріне ғана (The San Francisco Chronicle, Der Spiegel Online, WWE, Dailymotion т.б.) қолжетімді.

Мәселен Массагет сайты порталдағы мақалалардың гиперсілтемесін туиттерге жарияласа, басқа қолданушылар хабарламаны ашу арқылы (развернуть) жазбаның тақырыбын, сонымен қатар алғашқы абзацты оқып, көріп, біле алады. Кей жағдайда мақала авторының туиттердегі аккаунтына өте алады.

Мақаланың толық нұсқасын оқу үшін баяғыша гиперсілтемеге өту керек болады.

Сервис өкілдерінің айтуынша, жаңа мүмкіндік жақын арада барлық браузерлік, мобильдік қолданушыларға қолжетімді болмақ.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Twitter қолданушыларының Facebook-ке трансляцияланатын микроблогтарындағы ақпарат көлемінің артқандығы туралы айтқан болатынбыз.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: twitter.com