- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Toyota үш дөңгелекті...
Toyota үш дөңгелекті i-ROAD көлігін таныстырды
Toyota компаниясы өзінің i-ROAD атты жаңа көлігін көпшілікке таныстырды. Көліктің ерекшелігі сол, электрлік модель екі орынды және үш дөңгелекті болып жасалған. Өзінің шағын габариттерінің арқасында ол Еуропаның қысқа көшелерінде өзін судағы балықтай сезінеді.
i-ROAD көлігінің ені - 850 мм, ол Piaggio MP3 скутерінен шағындау. Оның ені - 2350 мм. Ал биіктігі - 1445 мм. Модель көлікті қозғалыс кезінде және тегіс емес жол үстінде автоматты түрде басқаратын Toyota Active Lean технологиясымен жабдықталған.
i-ROAD-тың салмағы бар-болғаны 300 келіні құрайды. Көліктің максималды жылдамдығы - 45 шақ/сағ. Үздіксіз жүре алатын қашықтығы - 50 шақырым.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com
Б. Қосмағамбет