Toyota компаниясы өзінің Ractis маркалы көліктерін жаңартып жатыр. Жаңа кейіпке енген өнім осы жылдың 19 қазанында көпшілік назарына ұсынылады.
Автокөлік 1,5 литрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш бөліктері, трансмиссия және генератор сияқты бөлшектердің жұмысы жақсарып, көлік экономикалық жағынан да тиімді болып отыр. Ендігі жерде ол 18,6 км/л жанармай жағатын болады. Мұндай жетістік бұл көліктерге деген салық шығынын азайтып отыр.
Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған Ractis Welcab маркалы көліктер де өзгеріске ұшырап, жаңарып отыр. Олар енді жаңаша жабдықталған түрде өз тұтынушыларына жол тартпақ.
Жаңа Ractis көліктерінің бағасы 1 554 000 - 1, 827 000 йена аралығында болады. Ал Ractis Welcab маркасы 1 610 000 - 2 512 000 йена тұрады. Бұл баға ішіне салық төлемі де кіреді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: batfa.com, news.drom.ru