Toyota жүргізушісіз көлігін ұсынды

Toyota жүргізушісіз көлігін ұсынды

Лас-Вегаста өткен көрмеде Toyota компаниясы жүргізуші көмегінсіз-ақ жүре алатын Lexus Advanced Active Safety Research Vehicle көлігін таныстырды. Қазіргі кездегі көлік технологияны зерттеп, тестілеу үшін жасалған модель ғана. 

Қазірдің өзінде кейбір Lexus көліктерінде жүргізушілерге арналған камера, лазер және GPS орнатылған. Жаңадан таныстырылған көлікте де аталған нәрселердің барлығы бар. Одан бөлек, Lexus Advanced Active Safety Research Vehicle көлігінде басқа көліктердің жылдамдығын анықтайтын радар орналастырылған. Сондай-ақ басып өткен қашықтықты өлшейтін датчик пен GPS антеннасы тағы бар. Көліктің нарыққа қашан шығатыны және бағасы әзірге белгісіз. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет