- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Toyota Supra: Көліктің...
Toyota Supra: Көліктің TRD нұсқасы пайда болды
Toyota-ға қарасты тюнинг-ателье мамандары Toyota GR Supra көлігін жетілдіруге арналған идеяларын ұсынды. Өзгеріс аэродинамикалық сипаттамаларды жақсартуға бағытталған.
Бірақ көлікке қуаттылық үстемеген. Жалпы инженерлер аспасы мен тежегішіне тиіспеген. "Супраның" алдыңғы және артқы бамперлері карбонмен қапталған. Ал бүйіріндегі жаңа "белдемше" көміртекті пластиктен жасалды. Сондай-ақ шағын спойлер мен 19 дюймдік алюминий дөңгелектерге ие болды. Көліктің өзі нарыққа жаз айларында шығады деп жоспарланып отыр.
Toyota GR Supra көлігі нарыққа әлі шықпаса да, АҚШ-та ең алғашқы данасы сатылып кеткен еді. Скоттсдейлдегі Barrett-Jackson бәссаудасында алғашқы Toyota GR Supra көлігін 2,1 миллион АҚШ долларына сатып алған. Ал нарықта бұл көліктің бағасы - 55250 доллардан басталмақ.
Бәссаудада сатылған көлікті екі нәрсе ерекшелеген: 20201-ден аяқталатын VIN-коды мен Phantom Matte түсі. Мұндай түсті Toyota GR Supra көлігі болмайды. Сатылымнан түскен барлық қаржы қайырымдылыққа жұмсалды.
Massaget