Toyota компаниясы Nissan Juke маркасына бәсекелес болар өз кроссоверін шығармақ. Компания ол үшін қазіргі кездегі Rugged Sports Coupe (RSC) моделін негізге алатынын да айтты.
Сондай-ақ жаңа көлікке Yaris пен жаңа Auris маркаларының элементтері кіруі мүмкін. Модель гибридті болуы да ғажап емес.
Ал дизайны бойынша ол мүлдем өзге кейіпте болмақ. Мамандардың айтуы бойынша, жаңа модель осы жылы құрастырыла бастауы мүкін.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: auto.lafa.kz