Темір тұлпарды, соның ішінде «Toyota» маркалы көлікті сүйетіндер үшін жақсы жаңалық. Toyota Camry 60 өндірістен қолданысқа шықты. Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар айынан бастап сатылымға енеді.
Өндіруші кәсіпорынның айтуынша: «Toyota Camry 60 – 2017 жылдың ең үздік көлігі атанып қана қоймай, барлық көлік ішінде көш бастайды».
Toyota Camry 60: жаңа үлгіде
Өткен үлгілеріне қарғанда Toyota Camry 60 жаңаша түрде құрастырылды. Оның сыртқы пішіні көптеген өзгеріске ұшырады. Мәселен, ұзындығы 4,5 сантиметрге дейін созылса, дөңгелектің көлемі 1 сантиметрге үлкейген. Хром жалатылған жолақшалар мен «Toyota» белгішесі алдыңғы бампермен бірге көлікке көрік береді. Төменгі бөлігінде торланған жел қабылдаушы орналасқан. Бұл – ең негізгі өзгерістердің бірі.
Toyota Camry 60 ішкі көрінісі көп өзгеріске түспесе де кейбір нысандар жаңарып, құрылғылар қосылды. Ең өзектісі, барлығы да сапалы үлгімен жабдықталған. Көлік басқару құрылғылары барынша жаңа жүйеде қарастырылған. Мультимедиасы 7 дюмдік сенсорлы экранмен жабдықталған. Сонымен қатар қосымша 4 дюмдік навигацияға арналған экранды да көре аласыз.
Гаджетті сүйетіндер үшін жаңалық, ОС Андроид – бұл WiFi мен Bluetooth. Қауіпсіздік жүйесі әр жыл сайын дамып отырмаса, керісінше болған емес.
Нарыққа Toyota Camry 60 көлігінің бірнеше үлгідегі түрі шығады. Олар: 4 цилиндрлі жанармай қозғалтқышы 2,4 литрімен, күші 180 ат. 6 цилиндрлі жанармай қозғалтқышы 3,5 литрімен, күші 270 ат.