Сыртқы келбеті
Сыртқы көрінісі бойынша планшеттің алып бара жатқан еш нәрсесі жоқ. Десек те барлық деталь өз орнында. Сәндік «бұйымдар», қыстырғыштар деген сияқты артық нәрселерден ада. Сыртқы келбетіне қарап, оны қыздардан гөрі, жігіттерге ұсынған әлдеқайда дұрысырақ болады деп ойлаймын. Корпус қалыңдығы 10,5 мм-ді құрайды. Ал салмағы едәуір ауыр – 630 грамм. Сондықтан да қыздарға онымен жұмыс жасау біраз қиындық туғызатын сияқты.
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — беткі панель
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — сол жақ бүйірі
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — артқы панель және жан-жағы
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — артқы панель
Бұл планшетпен жұмыс жасау ыңғайлы әрі жылдамырақ. Жайлы отырып іспен айналысуға құрылғыда барлық жағдай жасалған. Бір "әттеген-айы" – корпус материалының металлдан емес, пластиктен екендігі көңілге кішкене болса да қаяу түсіретін жағдай. Қалған қызмет түрлері өзі құралпы құрылғылардағыдай келеді. Енді дисплейіне біраз тоқталсақ:
Дисплей
Android операциялық жүйесімен жұмыс жасайтын планшеттер үшін сапалы экран бұйыра бермейтін элемент екені рас. Алайда біздің планшетке келгенде, жағдай соншалықты жаман емес.
Toshiba AT10LE-A Excite Pro планшетінің экран мүмкіндігі WQXGA (2560x1600). Яғни HD. Бұл дегеніңіз қазіргі заманғы көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары деген сөз. Айта кетейік, мұндай дисплей 2012 жылы шыққан Samsung/Google Nexus 10 құрылғысында пайдаланылған еді. Ал қазіргі кезде HD сапасы сән үшін ғана қолданылмайды.
Пиксельдердің тығыздығы – әр дюймге 299 нүктеден.
Дисплейі көпшілікке таныс IPS технологиясы бойынша жасалған. Көретін бұрыштары кең болып келеді. Мультисенсорлы қабаты онға дейін бір мезгілдегі саусақ ұштарының тигізілуін қолдай алады – құрылғы саусақпен берілген командаларды тез әрі дәл орындайды. Ешқандай қиындықсыз қимылдарды тани алады. Ал беткі панелі саусақ іздерін қалдырмайтын олеофобты жабынмен жабылған.
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — sRGB түстік кеңістігімен салыстырғандағы планшеттің түс мүмкіндігі (қара үшбұрыш)
Жалпы айтқанда, дисплейін өте жақсы деп бағалауға әбден болады. Тек бір ғана кемшілігі – сыртқы жарық тым жоғары болғанда картиналарды дұрыс көрсетпейтін ауа қабатының болуы. Ал қалған қасиеттері тамаша: жоғары түсті беру, керемет детальдылық, тағы басқалары. Тағатын мін таба алмайсыз.
Құрылғының техникалық сипаттамалары
Toshiba AT10LE-A Excite Pro
Дисплейі
10,1 дюйм, 2560x1600 (WQXGA), 299 ppi, IPS
Сенсорлы экран
Сыйымды (10 нүктелі), қолғап сенсорға тигенде әсер етпейді
Ауа қабаты
Бар
Олеофобты жабын
Бар
Поляризациялы фильтр
Бар
Процессоры
NVIDIA Tegra 4 T40X:
төрт ядролы ARM Cortex-A15 (ARMv7), жиілігі 1,8 ГГц +
жиілігі 800 МГц болатын бір энергия сақтағыш ядро ARM Cortex-A15;
Техпроцесс 28 нм HPL
Графикалық контроллері
NVIDIA GeForce GPU, 72 ядро;
672 МГц жиілікте
Оперативті жады
2 Гбайт DDR3L
Флеш-жады
32 Гбайт (25 Гбайт қолжетімді) + MicroSD
Ажыратқыштары
1 х micro-USB 2.0
1 x micro-HDMI 1.3
1 x гарнитураға арналған 3,5 мм орын
1 x MicroSD
1 x SIM
Ұялы байланысы
Модем Huawei MU736:
2G (GSM/GPRS/EDGE): 850/900/1800/1900 МГц
3G (WCDMA/HSPA/HSPA+): 850/900/1900/2100 МГц
4G: қолдамайды
Бір толық өлшемді (кесілмеген) сим-карта
Wi-Fi
802.11a/b/g/n/ac, 2,4/5 ГГц (Broadcom BCM4335)
Bluetooth
4.0 + LE
NFC
Жоқ
ИК-порт
Жоқ
Навигациясы
A-GPS қолдайтын GPS
FM-радиосы
Жоқ
Датчиктері
Акселерометр, гироскоп, магнитометр (цифрлы компас),
жарықтандыру датчигі
Қосымшасы
harman/kardon стерео-динамиктері, DTS Premium Voice Pro фильтрлері
Негізгі камера
8 Мп (3264х2448), автофокуспен және жарықдиодты жарқылмен
Фронтальды камера
1,2 Мп (1280х960), автофокуссыз
Қуат алуы
Алынбайтын аккумулятор
Сыйымдылығы 32,9 Вт·сағ (8920 мА·сағ, 3,7 В)
Өлшемі
261x179 мм
Корпус қалыңдығы 10,5 мм
Салмағы
630 г
Операциялық жүйесі
Google Android 4.2.1 (Jelly Bean)
Орташа бағасы
110 000 теңге
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: helpix.ru