- Негізгі бет
- Шолу
- Toshiba AT10LE-A Excite...
Toshiba AT10LE-A Excite Pro планшетіне шолу
Сыртқы келбеті
Сыртқы көрінісі бойынша планшеттің алып бара жатқан еш нәрсесі жоқ. Десек те барлық деталь өз орнында. Сәндік «бұйымдар», қыстырғыштар деген сияқты артық нәрселерден ада. Сыртқы келбетіне қарап, оны қыздардан гөрі, жігіттерге ұсынған әлдеқайда дұрысырақ болады деп ойлаймын. Корпус қалыңдығы 10,5 мм-ді құрайды. Ал салмағы едәуір ауыр – 630 грамм. Сондықтан да қыздарға онымен жұмыс жасау біраз қиындық туғызатын сияқты.
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — беткі панель
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — сол жақ бүйірі
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — артқы панель және жан-жағы
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — артқы панель
Бұл планшетпен жұмыс жасау ыңғайлы әрі жылдамырақ. Жайлы отырып іспен айналысуға құрылғыда барлық жағдай жасалған. Бір "әттеген-айы" – корпус материалының металлдан емес, пластиктен екендігі көңілге кішкене болса да қаяу түсіретін жағдай. Қалған қызмет түрлері өзі құралпы құрылғылардағыдай келеді. Енді дисплейіне біраз тоқталсақ:
Дисплей
Android операциялық жүйесімен жұмыс жасайтын планшеттер үшін сапалы экран бұйыра бермейтін элемент екені рас. Алайда біздің планшетке келгенде, жағдай соншалықты жаман емес.
Toshiba AT10LE-A Excite Pro планшетінің экран мүмкіндігі WQXGA (2560x1600). Яғни HD. Бұл дегеніңіз қазіргі заманғы көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары деген сөз. Айта кетейік, мұндай дисплей 2012 жылы шыққан Samsung/Google Nexus 10 құрылғысында пайдаланылған еді. Ал қазіргі кезде HD сапасы сән үшін ғана қолданылмайды.
Пиксельдердің тығыздығы – әр дюймге 299 нүктеден.
Дисплейі көпшілікке таныс IPS технологиясы бойынша жасалған. Көретін бұрыштары кең болып келеді. Мультисенсорлы қабаты онға дейін бір мезгілдегі саусақ ұштарының тигізілуін қолдай алады – құрылғы саусақпен берілген командаларды тез әрі дәл орындайды. Ешқандай қиындықсыз қимылдарды тани алады. Ал беткі панелі саусақ іздерін қалдырмайтын олеофобты жабынмен жабылған.
Toshiba AT10LE-A Excite Pro — sRGB түстік кеңістігімен салыстырғандағы планшеттің түс мүмкіндігі (қара үшбұрыш)
Жалпы айтқанда, дисплейін өте жақсы деп бағалауға әбден болады. Тек бір ғана кемшілігі – сыртқы жарық тым жоғары болғанда картиналарды дұрыс көрсетпейтін ауа қабатының болуы. Ал қалған қасиеттері тамаша: жоғары түсті беру, керемет детальдылық, тағы басқалары. Тағатын мін таба алмайсыз.
Құрылғының техникалық сипаттамалары
Toshiba AT10LE-A Excite Pro | |
Дисплейі | 10,1 дюйм, 2560x1600 (WQXGA), 299 ppi, IPS |
Сенсорлы экран | Сыйымды (10 нүктелі), қолғап сенсорға тигенде әсер етпейді |
Ауа қабаты | Бар |
Олеофобты жабын | Бар |
Поляризациялы фильтр | Бар |
Процессоры | NVIDIA Tegra 4 T40X: |
Графикалық контроллері | NVIDIA GeForce GPU, 72 ядро; |
Оперативті жады | 2 Гбайт DDR3L |
Флеш-жады | 32 Гбайт (25 Гбайт қолжетімді) + MicroSD |
Ажыратқыштары | 1 х micro-USB 2.0 |
Ұялы байланысы | Модем Huawei MU736: |
Wi-Fi | 802.11a/b/g/n/ac, 2,4/5 ГГц (Broadcom BCM4335) |
Bluetooth | 4.0 + LE |
NFC | Жоқ |
ИК-порт | Жоқ |
Навигациясы | A-GPS қолдайтын GPS |
FM-радиосы | Жоқ |
Датчиктері | Акселерометр, гироскоп, магнитометр (цифрлы компас), |
Қосымшасы | harman/kardon стерео-динамиктері, DTS Premium Voice Pro фильтрлері |
Негізгі камера | 8 Мп (3264х2448), автофокуспен және жарықдиодты жарқылмен |
Фронтальды камера | 1,2 Мп (1280х960), автофокуссыз |
Қуат алуы | Алынбайтын аккумулятор |
Өлшемі | 261x179 мм |
Салмағы | 630 г |
Операциялық жүйесі | Google Android 4.2.1 (Jelly Bean) |
Орташа бағасы | 110 000 теңге |
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: helpix.ru
Б. Қосмағамбет