- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Top Gear түсірілімінде...
Top Gear түсірілімінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады
Top Gear деп аталатын танымал автошоудың кореялық нұсқасын түсіру кезінде АН1 әскери тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Daily Mail.
Әуе апаты шөл далада, Аризона штатындағы ұшу алаңдарының бірінде болды. Бағдарлама сценарийі бойынша, тікұшақ Chevrolet Corvette ZR1 суперкарымен жарысу түскен. Автокөлік аталған дуэльде тікұшақтан озып кетіп, жеңіске жеткеннен кейін АН1 әуеде самғап, штопорға ұшырайды. Құлақ тұндыратын жарылыспен тікұшақ 60 метр биіктіктен жерге құлаған.
Болған жағдайдың басты себебі ұшқыштың қателігі деп есептелді. Ұшқыш аман қалған және апат жерінен өз бетінше кете алған. Айта кетсек, бұл апат 2012 жылдың наурыз айында орын алған болатын. Алайда, Top Gear бұл видеоны жариялауға енді ғана бел буыпты.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: tengrinews.kz
А. Құлтай