Біз бұрындары Samsung компаниясының ұялы телефондарының Tizen жүйесімен шыққандығы жайлы естіген едік. Алайда олар ресми түрде көпшілікке таныстырылмаған болатын. Міне, енді құрылғы авторлары Жапонияда өзінің Tizen-планшетін ресми түрде тіркеп, сатылымға енгізді.
Осылайша Systena Corporation алғашқы 10-дюймдік WUXGA планшетін шығарды. Экран көлемі 1900 x 1200 пиксель. Құрылғы барлық бағдарламалармен қамтамасыз етілген.
Техникалық құрылысына келетін болсақ, Tizen-планшет 2 Гбайт көлеміндегі есте сақтау картасына ие, ал жұмыс жасау қабілеті 4 ядролы процессор. Бастысы операциялық жүйеде Tizen 2.1 жүйесі іске қосылған.
Айта кететіні, жарыққа енді шыққан планшет әзірше тек ақ және қызыл түсте ғана.
Сурет: mobimag.ru
Дайындаған: Гүлжан Серік