- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Tesla әлемдегі ең...
Tesla әлемдегі ең қымбат авто өндіруші атанды
Электромобиль жасайтын америкалық Tesla компаниясы әлемдегі ең қымбат автоконцерн атанды. Бұл туралы Reuters басылымы жазды.
Кейінгі аптада Tesla-ның акциясы 5 процентке өсіп, компанияның нарықтағы капитализациясы 209 миллиард долларға дейін көтерілді. Осылайша Tesla-ның бағасы Toyota автоконцерніне қарағанда 6 миллиард долларға қымбаттаған.
Биржада Tesla америкалық General Motors Co және Ford Motor Co компаниясын қоса есептегенде қымбатырақ тұрады.
2020 жылдан бастап Tesla-ның акциясы 163 процентке өскен. Сарапшылар мұны инвесторлар электрокөліктің болашағына сеніп, қаржы құйып жатқанымен байланыстырады.
Бастапқы кезеңде Tesla пайда таппай, тек шығынға батқан. Тек 2019 жылы ғана 24,6 миллиард доллар табыс тапты. Былтыр автоконцерн 367 200 көлік жасап шығарса, биыл Илон Масктың компаниясы кем дегенде 500 000 көлікті шығаруды жоспарлап отыр.
А. Рысдәулет