Технология дамып, жаһандану жоспары жүзеге асқан сайын әлемде түрлі нәрселер ойлап табылуда. Тіпті болашақта болуы мүмкін дейтін армандар бүгін орындалып, жүзеге асып жатыр.
АҚШ-тың Tesla Motors электронды мобильді өндірушілері Лос-Анджелесте адамзат тарихында тұңғыш рет ешқандай жанармайсыз, электр қуатынсыз тікелей күннен қуат алатын көлік ойлап тапты. Арманға қол жеткізген өндіруші кәсіпорын бәрінің мүмкін екенін атап өтті.
Кәсіпорынның басшысы Илон Маск: «Бұл болашақтың бүгін жүзеге асқан күні. Ешбір жанармайсыз, төбесіндегі күн сәулесін тартатын құрылғы арқылы бұл көлік жұмысын жасайды» - дейді.
Барынша ыңғайластырылып жасалған көліктің құнын да кәсіпорын жасырған жоқ. Шамамен құны 5,5 мың доллар көлемінде болады.