Tesla Model S автомобильдерінің жаңа бағдарламалық қамтуға ие болатыны туралы жазған болатынбыз. Ендеше Элон Маск өз сөзінің дәлелі ретінде, электромобильдердің алыс қашықтыққа жүре алу мүмкіндігін жасады. Одан бөлек, электромобильдер автономды жүргізу функциясымен жабдықталды.
Tesla Motors басшысы көліктің жергілікті мекенге қатысты бейімделу үдерісін де автономды тәртіппен жасалатынын айтып өтті. Нақтырақ айтсақ, жел жылдамдығы, жергілікті аймақ және көлікті жүргізу стилі бейімделгіш құрылымы энергияны үнемдеуге бағытталады. Одан бөлек, Supercharger қуаттау станцияларынан қашықтықты үнемі бақылап отырады.
Бағдарламалық қамту екінші санатты тестілеуден (бета-тестілеу) өтуде. Model S көліктерінің ең бірінші тұтынушылары жаңартуды пайдалануда. Ал қалған тұтынушылар наурыз айының соңына дейін толық қамтамасыз етілмек. Содан кейін шығарылған электромобильдердің бағдарламалық қамтуы әр 3-4 айда жаңаланып тұрады.
Сурет: www.autoblog.gr
Оқи отырыңыз:
Элон Маск Tesla Model S көлігін осы аптада жаңартады
Ұшатын көліктер екі жылдан кейін жаппай сатылымға шығады
iMove (Apple) электромобильдері 2020 жылға қарай шығады
2017 жылдан бастап шведтер жаппай жүргізушісіз көліктерге мінеді