Strategy Analytics: Android ОЖ-і планшеттердің 39%-на орнатылған

Strategy Analytics: Android ОЖ-і планшеттердің 39%-на орнатылған

Strategy Analytics аналитикалық агенттіктің хабарлауынша, өткен жылдың IV тоқсанында әлемдік нарықта барлығы 27 млн планшетті компьютер сатылған. Олардың 39%-ы Android ОЖ негізінде жұмыс істегенімен, iOS-құрылғылары басымдылық танытып жатыр. Олардың үлесінде нарықтың 58%-ы.

2010 жылдың IV тоқсанында барлығы 10,7 млн планшет сатылды. Осылайша бір жылдың ішінде мұндай құрылғылардың сатылымы 150%-ға өскен. Планшеттерге деген сұраныс бизнес, білім беру және қарапайым тұтынушылар сегментінде жыл сайын өсіп, тұрақтылық танытып жатыр. Нарық көсбасшысы Apple компаниясы аталған кезеңде 15,4 млн Ipad сатқан болатын. 2011 жылы сатылған планшетті компьютерлердің жалпы саны 66,9 млн-ды құрап отыр, бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 260%-ға өскен. Тұтынушылар соңғы кезде нетбуктар мен бастапқы деңгейдегі ноутбуктардан гөрі осындай құрылғылар таңдауды жөн көреді.

Microsoft Windows-ке келетін болсақ, компанияның планшетті компьютерлер нарығындағы үлесі тым кішкентай, бар болғаны 1.5%.

Сурет 3dnews.ru сайтынан