Оңтүстік кореялық SsangYong Motor Company өзінің жаңа Stavic атты минивэнінің алғашқы суреттерін жариялады. Компания бұған дейін де осыған ұқсас SsangYong Rodius моделін 2004 жылдан бері шығарып келе жатқан еді. Еуропа мен Аустралияда ол Stavic атымен танымал болып келді.
Минивэн көлігі 2,0 литр болатын дизельді және 3,2 литрлі бензинді қозғалтқышпен жұмыс жасайтын болады.
Әзірге оның қуаттылығы белгісіз болып отыр. Бірақ ол нағыз жол талғамайтын көліктерге тән барлық мінездемелерге ие болмақ. Оның үстіне компания SsangYong Stavic-ті толық жетекті етіп құрастыруды жоспарлап отыр. Ішкі салоны көпшілікке жайлы да, сыйымды болмақ.
Жаңа модельдің қашан нарыққа шығатынын алдағы уақытта тағы қосымша хабарлайтын боламыз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: auto.mail.ru