- Негізгі бет
- Шолу
- SpaceLiner: 2050 жылы...
SpaceLiner: 2050 жылы самғайтын дыбыстан жылдам ұшақ
Неміс инженерлері Еуропа мен Аустралия арасын 90 минутта басып өтетін 50 жолаушыға арналған "Ғарыш лайнері" (SpaceLiner) деп аталатын ұшақ құрастырып жатыр.
Оның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан 24 есе тез болатын көрінеді. Жоба координаторының сөзінше, "Ғарыш лайнері" 2050 жылы алғашқы сапарына аттанбақ. Инженерлер қазірдің өзінде ұшақтың моделі мен жұмыс жасау принциптерінің қандай болатынын шешіп қойған.
Ол бойынша, ұшақты орбитаға басқа бір аппарат жеткізіп беріп, жолаушыларды әрі қарай ұшақтың өзі көзделген нүктеге апаратын болады. Құрастырушы мамандар жобаны шаттлдың ізбасары деп отыр. Жоба бойынша, ол 80 шақырым биіктікке 8 минутта жетпек. Одан соң ол сағатына 25 мың шақырыммен зымырайтын болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: inhabitat.com
Б. Қосмағамбет