Жапондық ""Sony" компаниясы ылғалға төтеп бере алатын ерекше смартфон жасап шығарды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Құрастырушылардың айтуынша, аппартқа ылғалдың кері әсерінің тимеуінің бір ғана шарты бар. Құрылғы су астында жарты сағаттан артық жатпауы керек. Ал Xperia go және Xperia acro S деген модельмен жасалып шыққан екі смартфонның да корпустары шаң-тозаңның енбеуін қамтамасыз етеді. Сенсорлық экраны ылғал саусақпен жұмыс істеуге де әбден қолайлы.
Екі аппарат та Android платформасында жұмыс істейді. Xperia go корпусы 320x480 пикселдік, диагоналі 3,5-дюйм болатын экранмен қамтамасыз етілген. Аппарат сонымен қатар 1 гигагерцтік екі ядролық процессормен жұмыс істейді. Дисплейдың минералданған арнайы қабаты бар. Осының әсерінен экран беті механикалық әсерге ұшырамайды.
Sony Xperia Go
Ал, Xperia acro S 4,3 дюмдық экранмен жабдықталған. Процессоры бір жарым гигагерц. Аталған екі смартфон да microSD карталарын қабылдап, оқи алады. Бұл аппараттардың басты ерекшелігі батареясының алынып-салынбалы еместігі.
Құрылғылар сонымен қатар фотосуретке де түсіре алады. Xperia go матрицасының кеңейтілуі 5, ал Xperia acro S-тікі 12 мегапиксель.
Жаңа смартфондар сатылымға осы жылдың шілде айында түседі деп жоспарланып отыр. Ал бағасының қанша болатындығы әлі белгісіз.
сурет: mforum.ru, gagadget.com