«Ақылды» үйдің барлық құрылғылары да «ақылды» болуы керек. Мысалы, электр лампасын смартфонның көмегімен қашықтан басқаруға болады. Мұндай өнімдер нарықта көп-ақ. Дегенмен, Sony ұсынатын жаңа құрылғы жаңашылдықтың бейнесі ретінде таныстырылды. Расында, жапондық құрастырушылар концепцияны дамытып, әмбебап үлгіге келтіре алған. LED Light Bulb Speaker лампасы жарық беруден бөлек, әуен қоса алады.
Күн шығыс елінің инженерлері жаңа девайсқа Bluetooth-динамикасын қондырған. Ал оның техникалық мінездемесіне қатысты ақпарат берілмеді. Белгілі болғаны аталған лампа әлемдік нарықта LSPX-100E26J маркасымен сатылымға шықпақ.
Девайсқа арналып бағдарламаланған қосымша жарық қуатын реттеп қана қоймай, музыка ретін де бақылай алады. Тіпті дауыс реттегіші де бар. Сондай-ақ, NFC платформасына қосылатын жеке бақылауыш құрылғысы бар.
Смарт үйдің бөлшегі кез келгеннің назарын аудара алғанымен, бағасы біршама қымбат болып отыр. Айта кетсек, 199 АҚШ долларын құрайды. Егер LED Light Bulb Speaker лампаларын бір үйге орнататын болсаңыз, бағасы да тым жоғары болары анық. Аталған өнім әлемдік нарыққа 23 мамырдан бастап шығады.
Ұқсас жазбалар: