Сандық реформалар туындап, технология саласы дамыған сайын адамзат барлық жұмыс күші мен жасанды сананы роботтарға беруге талпынып жатыр. Бұл, әрине, сол сала үшін таптырмас жаңалық. Соның бірі роботтардың пайда болуы және олардың адам секілді ойлауға жеткізу үрдісі.
Әлемдегі ең беделді әрі танымал Sony компаниясы жақында тағы бір жаңалығымен бөлісті. Ит бейнесіндегі интеллектуалды қабілеті бар робот өндіруді қолға алған Sony бұл жаңалықтарының көктемде жүзеге асатынын атап өтті.
Ең қызығы, бұл күнделікті балалар ойнауға арналған ойыншық робот емес, үй шаруасында адамға көмекші бола алатын, тірі иттің рөлін атқаруға тырысатын өнім болмақ. Sony осыған дейін Aibo робот-ит жарыққа шығарған. Бірақ ол өнім ойыншық ретінде қалып қойды.
Келесі жылы көктемде жарық көретін робот-ит үйдегі жиһаздардың атауын, ас үй бұйымдарын смарт-динамика көмегімен Google көмекші арқылы анықтай алады. Бұл үшін ол желіге қосылу операциясын жүзеге асырады. Ішкі механикасының және роботтың өзін барынша ит секілді ұстауын қадағалап отырған, Sony компаниясы ендігі жерде оның технологиясын құрастырып қойды.