Sony компаниясы алдымыздағы жылдың қаңтарында өзінің жаңа телефонын көпшілік назарына ұсынбақ. Телефон қазіргі Xperia негізінде жасалған көрінеді. Жаңа телефон төрт ядролы Qualcomm процессорына ие болып, Android операциондық жүйесінде жұмыс жасайтын болады. Мамандар құрылғыны маркетингтік жағынан қазіргі сатылымдағы Samsung Galaxy Note-пен бәсекелес болады дегенді айтады. Бірақ ол сапа жағынан толыққанды HD-видео 1920x1080p форматында жұмыс жасамақ.
Алдын-ала хабарлар бойынша, аппарат Sony Xperia Z L 36h атына ие болатын көрінеді. Смартфон 13-мегапиксельді камерамен және Adreno 320 графикалық процессормен қамтамасыз етілмек.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: vk.com