- Негізгі бет
- Шолу
- Sony Xperia Z1...
Sony Xperia Z1 Compact смартфонына шолу
«Мини-флагмандар» қазір ешкімге таңсық емес. Ал телефонда mini сөзінің болуы түпнұсқалық модельмен салыстырғанда кейбір қызмет түрлерінің аз болуы немесе мүлдем болмауы және де өлшемі жағынан шағын болуымен түсіндіріледі. Sony компаниясы болса Xperia Z1 телефонын жай ғана шағын, ыңғайлы корпусқа салып қойған. Процессор, камера, байланыс барлығы да бірдей. Еш айырмашылығы жоқ. Тіпті дисплейі түпнұсқамен салыстырғанда көш ілгері.
Сонымен біз талқылайын деп отырған Xperia Z1 Compact телефоны Xperia Z1 моделінің ықшамдалған түрі екенін айта кетейік.
Енді өлшемдері жағынан келер болсақ, «мини» түрі түпнұсқасынан едәуір айырмашылығы бар. Алайда капот астында өзінің 5-дюймды туысында бар барлық схема сақталған.
Мұның компания инженерлері үшін оңайға соқпағаны белгілі. Алайда олар бұл тапсырманы сәтті орындап шыққан. Корпус қалыңдығы ұлғайып (1 миллиметрге) кейбір өлшемдері бойынша түпнұсқадан қалыңырақ көрінеді.
Дегенмен Z1 Compact телефоны кез келген қалтаға оңай сыйып кете алады. Ал салмағы бойынша iPhone 5c моделімен бірдей келеді: 135 грамм. Смартфон қолға ұстағанда да өте ыңғайлы, кез келген бөлігіне саусақтарыңыз еш қиындықсыз жете алады.
Sony компаниясы Xperia Z1 Compact аппаратын сатып алушыларға тосы сый да жасап отыр. Нақтырақ айтсақ, құрылғы бірден төрт түсте ұсынылады: стандартты ақ пен қара түстерден бөлек, қызғылт әрі ерекше лайм түстері де бар. Сіздердің назарларыңыздағы да сол лайм түсі.
Sony компаниясының ресми суреттерінде Lime түсі шын мәніндегісінен сары және күңгірт болып алдамшы көрінеді. Сондықтан егер сізге осы түс ұнаған болса, салондарға барып оның нағыз түсіне көз жеткізіңіз.
Бұл түс өте ерекше көрінеді: сары мен ашық жасыл түстедің синтезі іспеттес. Бірақ телефонды қолға ұстап қарағанда, ол мүлдем басқаша көрінуі мүмкін (ол айналадағы жарыққа байланысты өзгереді). Бұл көбінесе стандартты қара және ақ түстерден жалыққан адамдарды қызықтыруы мүмкін.
Металл рамасы «лайм» түсімен керемет үйлеседі
Кәдімгі Z1-дегідей, ыңғайлы әрі шағын нұсқасы да шаң-тозаң мен ылғалдан толық қорғаныспен қамтамасыз етілген IPx5 (ылғалдан қорғаныс), IPx8 (тереңдігі 1,5 метр суда 30 минутқа дейін тұра алады).
Демек, бұл аппарат көмегімен су астында кез келген жағдайды камераға еш қиындықсыз түсіруге болады (бірақ рұқсат етілген тереңдікті ұмытып кетпеңіз!). Сондай-ақ ваннада жатып та кез келген роликті қарап, егер жерге түсіп кетсе, сабынмен сенімді түрде жуып алсаңыз да болады.
Z1 толық моделіндегідей ажыратқыштар толықтай жабынмен жабылған. Мicro-USB ажыратқышының жапқышын қайта-қайта орнынан қозғамау үшін док-станция сатып алсаңыз болады.
Техникалық сипаттамалары
Sony Xperia Z1 (C6903) | Sony Xperia Z1 Compact (D5503) | |
Дисплейі | 5,0 дюйм, 1920x1080, ЖК | 4,3 дюйм, 1280x720, IPS |
Сенсорлы экраны | Көлемі, 10 ретке дейінгі жанасу | |
Әуе қабаты | Жоқ | |
Олеофобты қабаты | Бар | |
Поляризациялы фильтр | Бар | |
Зауыттық пленкасы | Бар | Бар |
Процессоры | Qualcomm Snapdragon 800 MSM8974: | |
Графикалық контроллері | Qualcomm Adreno 330 | |
Оперативті жады | 2 Гбайт LPDDR3-1600 | |
Флеш-жады | 16 Гбайт (қолжетімдісі 12 Гбайт) + MicroSD | |
Ажыратқыштар | 1 х Micro-USB 2.0 (MHL) | |
Ұялы байланысы | 2G/3G/4G | |
2G ұялы байланысы | GSM/GPRS/EDGE 850/900/1800/1900 МГц | |
3G ұялы байланысы | DC-HSPA+ (84 Мбит/с) 850/900/1700/1900/2100 МГц | |
4G ұялы байланысы | LTE Cat. 4 (150 Мбит/с) band 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 20 (2100/1900/1800/1700/850/2600/900/800 МГц) | |
Wi-Fi | 802.11a/b/g/n/ac, 2,4/5 ГГц | |
Bluetooth | 4 | |
NFC | Бар | |
ИК-порт | Жоқ | |
Навигация | GPS, A-GPS, ГЛОНАСС | |
Датчиктер | Жақындықты көрсететін датчик, акселерометр/гироскоп, магнитометр (цифрлы компас) | |
Негізгі камера | 20,7 Мп (5248x3936), матрица Sony Exmor RS типоөлшемі 1/2,3’’ | |
Фронтальды камера | 2 Мп, матрица Sony Exmor R | |
Қуат алуы | Алынбайтын аккумулятор | Алынбайтын аккумулятор |
Өлшемі | 145x74 мм | 127x65 мм |
Салмағы | 171 г | 135 г |
Ылғал мен шаң-тозаңнан қорғанысы | IP55, IP58 (1,5 метрге дейін су астында ұстауға болады) | |
Операциялық жүйесі | Google Android 4.3 (Jelly Bean) | |
Болжанған бағасы | 110 000 теңге | 105 000 теңге |
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: 3dnews.ru
Б. Қосмағамбет