Sony MediaTek компаниясының арқасында смартфондарын арзандатпақ

Жапондық Sony компаниясы өзінің болашақтағы баға саясатына қызықты өзгеріс енгізбек. 

Технология нарығының алыптары өз өнімдерін ST Ericsson, NVIDIA және Qualcomm сияқты белгілі компаниялар арқылы өндіріп, сатып жатқанда, Sony ол дәстүрден айнып, өнімін MediaTek атты шағын компанияға сеніп тапсырмақ. Дәлірек айтсақ, компания шығаратын төрт ядролы процессорлар Sony смартфондарына орналастырылмақ. Аталған компания нарықта қытайлық телефондарға микрочип жеткізуші ретінде танымал. Сонымен қатар Sony 2013 жылдан бастап, өз өнімдеріне MediaTek микрочиптерін де пайдаланатын болады. "Осылайша арзан чип пен процессор арқасында Sony смартфондарының бағасы да төмен болмақ. Егер өнім саудасы нарықта сәтті болса, бұл оның жақын бәсекелестеріне де үлкен соққы болуы мүмкін",- дейді IT сарапшылары. 

Сарапшылардың пікірінше, Sony өз смартфондарына төрт ядролы процессорлар орналастыру арқылы өз бәсекелестерін қуып жетпек екен. Себебі компанияның қазіргі гаджеттері бар болғаны екі ядролы процессормен ғана жұмыс жасайды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru