Solara - ұшқыш спутник

Қарапайым спутниктер өздеріне жүктелген міндеттерді жақсы атқарып келгенмен, соған қарамастан, бірқатар кемшіліктері аталмай тұрмайды. Біріншіден, олар қымбатқа түседі және ғарышқа жіберуге де аз қаржы кетпейді; екіншіден; шын мәнінде олар бірқолданбалы болып келеді, тиісінше, істен шыққан жерін жөндеп-түзу мүмкін бола бермейді.

Titan Aerospace ұсынып отырған "Solara" атмосфералық спутнигі сол олқылықтың орнын толтырып, альтернативтік қызмет атқаруға бейімді.

Атмосфераның жоғары қабатында 3000 батареймен күн энергиясын жұту арқылы жүріп тұрады. Батарей қанат пен құйрық тұста орналасқан. Күніне 7 киловаттық күш-қуат мықтылығына ие. Ең кіші үлгілерінде қанат көлемі 50 метр болса, одан үлкендерінде - 60 метр.  

Пайдаланылмалы жылдамдығы сағатына 104 шақырымға жетеді. Ал орналасу биіктігі - 20 км.  

Компания жаңа өнертабысты келесі жылы орбитаға шығармақ. Бағасы әзірше белгісіз.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/If8MODnvjhw","width":"450","height":"240"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: view-gadget.com