Snapchat өз «телеарнасын» ашады

Snapchat өз «телеарнасын» ашады
Фото: media-sputnik.net

Snapchat өз қолданушыларына телешоулар ұсынады. Осы мақсатта Snap компаниясы Food Network телеарнасымен келісім жасайды.

Snapchat өз қолданушыларына күніне 2-3 телешоу серияларын көрсететін болады. Олардың ұзақтығы 3-5 минут аралығында. Одан бөлек, Snap реалити-шоуы бірегей сценарийлер, жаңалықтар, деректі фильмдер, мультфильмдерге және т.б. қызығушылық танытып отыр.

Компанияның айтуынша, көрсетілген фильмдер қосымшадан 48 сағат ішінде өшіріліп тасталады.

Мұндай шешім 158 млн қолданушыны сақтап қалу үшін және жарнамадан түсетін табысты көбейту үшін қабылданды. Snap капитализациясын қолдайтын негізгі фактор — жарнама табысының өсімі. Ол нарықта 25 млрд долларға бағаланды (2017 жылдың ақпанында).

Басқа стримингтік сервистермен салыстырғанда, Snapchat медиакомпанияларға өз контенттерінің қаралымы туралы толық есеп береді. Сонымен қатар, ол контент өндірушілеріне жарнамадан түскен табыстың бір бөлігін беріп отырады.

Snapchat-қа арналған шоулар қысқа болады. Яғни шығарылым арзан түседі. Мұндай бағдарламалардың бір сериясы 6 мыңнан 45 мың долларға дейін. Snap контент серіктестеріне егер олар телешоудағы жарнамаларды өздері сататын болса, табыстың 70 пайызын береді. Ал егер жарнамамен компания өзі айналысса, онда табыстың 50 пайызына ие болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Snap компаниясы NBCUniversal, Turner, A+E Networks, Discovery, BBC, ABC, ESPN, Vice Media, Vertical Networks, NFL и Metro-Goldwyn-Mayer медиялық холдингтері қасынан жаңа контент құру туралы келісімге қол қойды. Одан бөлек, CBS және Fox компанияларымен де келіссөз жүргізіп жатыр.

7kun.kz

Г. Берік