Бүкіл әлем Samsungкомпаниясының жаңа Galaxy S10 смартфонын күтіп жүр. Компания озық дүние жасауға дайындалып жатқаны күмән тудырмайды. Ал әзірге Samsung смартфондары ішіндегі ең кемелі Galaxy S9 және S9+. Кореялық компания жақында бұл модельдердің кезекті жарнамалық ролигін жариялады. YouTube видеохостингіндегі Samsung US арнасында жарияланған видеода iPhone 6 ұстаған кейіпкердің өз смартфонына көңілі толмай жүргені көрсетіледі. іРhone ұзақ ойланады, жауапты сәттерде дұрыс жұмыс істемейді. Ал техникалық көмек көрсету орталығында мәселесі шешілмейді. Смартфонынан мезі болған кейіпкер ақыр соңында жаңа Samsung Galaxy S9+ сатып алып, көңілі тынады. Samsung осылайша өздерінің басты бәсекелестерін қағытып, кезекті рет маркетингтік қадамға барып отыр.