Назарларыңызға Samsung компаниясының 2012 жылы CIS Forum көрмесінде ұсынған жаңа Hi-Fi аудиожүйесін ұсынамыз.
Жоғары сапалы дыбысты қамтамасыз ететін өнім компанияның аудиоөнімдер саласындағы биылғы жылы ұсынып отырған алғашқы туындыларының бірінен саналады.
MX-FS9000 аталған аудиожүйесі көлемді екі колонкадан құралған. Олардың жалпы алғандағы жұмыс қуаты 2560 Вт құрайды. Аудиожүйенің бір ерекшелігі онда CD дискті ойнатуға арналған жетек орнатылған. Сондай-ақ, ол CD/USB/AUX тетіктерімен де жұмыс жасауға арналған.
Одан бөлек, Hi-Fi аудиожүйесі сымсыз Bluetooth технологиясы арқасында, дыбыс көзіне кабельсіз-ақ шыға алады. Ең бастысы, аудиожүйе Karaoke-ге арналған ең тамаша дыбыс өнімі болып отыр.
Дайындаған және суретті түсірген: Болат Қосмағамбет