Samsung ұсынған жаңа Hi-Fi аудиожүйесі

Samsung ұсынған жаңа Hi-Fi аудиожүйесі

Назарларыңызға Samsung компаниясының 2012 жылы CIS Forum көрмесінде ұсынған жаңа Hi-Fi аудиожүйесін ұсынамыз. 

Жоғары сапалы дыбысты қамтамасыз ететін өнім компанияның аудиоөнімдер саласындағы биылғы жылы ұсынып отырған алғашқы туындыларының бірінен саналады. 

MX-FS9000 аталған аудиожүйесі көлемді екі колонкадан құралған. Олардың жалпы алғандағы жұмыс қуаты 2560 Вт құрайды. Аудиожүйенің бір ерекшелігі онда CD дискті ойнатуға арналған жетек орнатылған. Сондай-ақ, ол CD/USB/AUX тетіктерімен де жұмыс жасауға арналған. 

Одан бөлек, Hi-Fi аудиожүйесі сымсыз Bluetooth технологиясы арқасында, дыбыс көзіне кабельсіз-ақ шыға алады. Ең бастысы, аудиожүйе Karaoke-ге арналған ең тамаша дыбыс өнімі болып отыр.  

 

Дайындаған және суретті түсірген: Болат Қосмағамбет

Б. Қосмағамбет