Samsung келесі жылы дисплейі майысатын смартфон шығарады. Бұны компанияның бизнес-стратегия бойынша вице-президенті Ли Чан-хун Нью-Йоркта болған форумда айтты.
"Біз келесі жылдың соңына қарай күніне 400 мыңға жуық жұқа дисплей шығарамыз. 2016 жылы ешбір компания дәл бұлай жұмыс істей алмайды", – дейді Чан-хун.
Осыған дейін шыққан Galaxy Note Edge халыққа ұнағасын Samsung дисплейі жұқа смартфондарға көңіл бөлетін болды. "Біз дисплейі жұқа смартфон ұстайтын адамдардың санын көбейтуге тырысып жатырмыз", – дейді ол.
Жұқа дисплейге LG компаниясы да қызығып отыр. Олар да болашақта осы технологияға көшуі мүмкін.
Сурет: huyandex.com