Samsung корпорациясы Galaxy Tab 3 Lite планшетін таныстырды

Samsung корпорациясы Galaxy Tab 3 Lite планшетін таныстырды

Оңтүстік Кореялық Samsung корпорациясы Galaxy Tab 3 сериясындағы планшеттердің мүмкіндіктерін бойына жинап және жетілдірілген дизайнға ие Galaxy Tab 3 Lite планшетін ресми түрде таныстырды.

Samsung Galaxy Tab 3 Lite 7-дюймды, мүмкіндігі 1024х600 пиксельді құрайтын дисплейге, 1,2-гигагерц болатын екі ядролы процессор мен 1 ГБ оперативті жадқа ие. Мәліметтерді сақтау үшін көлемі 8 ГБ болатын флеш-жады бар. Оның көлемін microSD картасы көмегімен 32 ГБ жадқа дейін ұлғайтуға да болады.

Samsung ұсынған жаңа планшет Android 4.2 Jelly Bean операциондық жүйесімен жұмыс жасай отырып, Wi-Fi және Bluetooth сымсыз технологияларын қолдайды. 2 мегапиксельді негізгі камера ие, ал аккумулятор сыйымдылығы 3600 мА/сағ құрайды.

Гаджет қара және ақ түстерде сатылымға шықпақ. Ол алдағы айдың ішінде нарыққа жол тартады деп күтіліп отыр. Алдын-ала болжанған бағасы 130 доллар. 

  • 7-дюймды 1024х600 мүмкіндіктегі дисплей
  • Екі ядролы 1,2 ГГц жиіліктегі процессор (моделі белгісіз)
  • 1 ГБ жедел жад, 8 ГБ ішкі жад + MicroSD картасына арналған орын
  • Wi-Fi 802.11 b/g/n/ (2.4GHz), Wi-Fi Direct, Bluetooth 4.0, GPS + GLONASS
  • Негізгі камерасы 2 МП құрайды. Фронтальдысы жоқ
  • ОЖ Android 4.2 Jelly Bean
  • Аккумулятор: 3600 мА/сағ, бір қуатпен 8 сағатқа дейін видео ойната алады
  • Габариттері: 116.4x193.4x9.7 мм болса, салмағы 310 г
  • Wi-Fi және Wi-Fi+3G нұсқаларын қолдайды. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: global.samsungtomorrow.com

Б. Қосмағамбет