- Негізгі бет
- Шолу
- Samsung компаниясы Galaxy...
Samsung компаниясы Galaxy S IV смартфонын Нью-Йоркте таныстыратын болды
Samsung компаниясы өзінің жаңа Galaxy S IV смартфонын 14-наурызда Нью-Йоркте көпшілікке таныстыратын болды.
Samsung компаниясы хабарлағандай, дәл осы қаланың таңдап алынуы көпшілік американдық операторлардың сұранысына сай жасалған екен. Осыған дейінгі Galaxy S смартфонының алғашқы өнімдері де 2010 жылы АҚШ-та таныстырылған еді. Ал Galaxy S III болса, 2012 жылы Лондонда көпшілік назарына ұсынылды. Samsung өзінің жаңа смартфонына төрт ядролы процессор мен үлкен мүмкіндіктегі экран орналастырады деген ақпарат бар.
Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың қаңтар айында Лас-Вегаста өткен CES көрмесінде компания 5,5-дюймды және 1280-ге 720 пиксельді экраны бар майысқақ смартфонды әлімдік нарыққа таныстырған еді. Ол осы жылдың жаз айында сатылымға шығады деген жорамал бар.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: alfa.kz
Б. Қосмағамбет