Samsung компаниясы Galaxy Note 8.0 планшетін таныстырды

MWC 2013 көрмесінің ашылуына бір күн қалғанда, асығыстық танытқан Samsung компаниясы Galaxy Note 8.0 планшетін көпшілікке ұсынып үлгерді. Мамандар болжағандай, құрылғы 1280 х 800 пиксель мүмкіндіктегі, 8-дюймды экранға ие болыпты. Планшет төрт ядролы, 1,6 ГГц жиіліктегі Exynos 4 Quad процессорымен жабдықталып, 2 ГБ оперативті және 32/64 ГБ microSD қолдайтын тұрақты жадқа ие. Одан бөлек, планшеттің екі камерасы бар: 5 Мп және 1,3 Мп. Аккумулятор сыйымдылығы 4600 мАсағ. 

Гаджет Android 4.1.2 негізінде жұмыс жасайды. Бұл құрылғыға сондай-ақ, тың жаңалықтар да енгізілген. Мысалы, Smart Remote режимі планшетті теледидар пульті ретінде қолдануға мүмкіндік береді. 

Сатып алушыларға құрылғы екі түрлі нұсқада ұсынылатын болады: Wi-Fi желісі бар және SIM-картаны, яғни LTE желісін қолдайтын құрылғы. Гаджеттің өлшемдері 211х 136х7,95 мм болса, салмағы - 338 г. Планшет нарыққа жаз айына қарай шықпақ. Бағасы әзірге жарияланған жоқ. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru