- Негізгі бет
- Шолу
- Samsung ФТБ агенттеріне...
Samsung ФТБ агенттеріне арнап смартфон жасау үстінде
Корейлік Samsung компаниясы АҚШ-тың қос мемлекеттік ФТБ (федералды тергеу бюросы) және ӘТК (әскери теңіз күштері) құрылымдарымен келісім-шарт жасауға әзірленуде, деп хабарлайды Mobiset.ru
Нақтырақ айтқанда, арнайы қызметкерлер мен әскерилер KNOX технологиясын қолдайтын аппараттарға қызығушылық танытыпты. Оның құрамына Android операциондық жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы пакет кіреді. Сондай-ақ KNOX қолданушының жеке мәліметтерін бөліп алып, оларды анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа технология электронды пошта, браузерлер, контактілер, күнтізбе, файлдар алмасу, CRM және бизнес-талдау сияқты қызмет түрлерімен жұмыс жасай алмақ.
Осыған дейін хабарланғандай, корейлік алпауыт смартфондар шығару ісінде Apple компаниясын басып озды. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Apple смартфондарының сатылымы жеті пайызға, яғни 37,4 миллион данаға өссе, Samsung бұл көрсеткішін 56 пайызға жеткізіп, аталған уақыт аралығында сатылған смартфондарының санын 69,4 миллион данаға жеткізді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Б. Қосмағамбет