Samsung басшысы Apple ұстайды

Samsung басшысы Apple ұстайды

Samsung компаниясының стратегиялық мәселелерімен айналысатын бөлімнің директоры Ен Сон (Young Sohn) MIT Technology Review сайтына берген сұхбатында өзінің Apple құрылғыларын қолданатынын айтты. Біз білетіндей, Samsung пен Apple компаниялары басты бәсекелестер.

Сон өзінің Mac компьютерін, iPad планшетін, iPhone смартфонын (мұның барлығы да Apple өнімі) қолданатынын жария етіпті. Ол Apple техникасымен тек үйінде, ал Samsung техникасымен жұмыста қолданатынын тағы айтты.

Samsung техникасымен жұмыста тек сол бағдарламаға негізделген бағдарламалар болғандығынан қолданатын Сонның сөзіне сенсек, бәрібір де өзінің жұмыс істейтін Samsung өнімдері басты қарсыласынан асып түседі екен. Ал Тим Кук (Apple басшысы) компаниясының мықтылығын iCloud қызметі үшін мақтапты.

Еске ала кетсек, патенттеу мәселесі бойынша, кореялық компания Apple-мен соттасып жатыр. Себебі бұдан бұрын Apple бұл компанияның үстінен “көшіріп алған” деген айыппен арыз түсірген болатын. Екі дөкей өндірушінің ортасындағы дау 2011 жылдың сәуір айынан бері жалғасып жатыр...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mobilestab.com

А. Құлтай