Samsung компаниясы өзінің шығаратын барлық жеке компьютерінің атын "Ativ" деп өзгертпек. Бұл туралы CNet баспасөзі хабарлады.
Сондай-ақ планшеттер де өзгеріске ұшырамақ. Енді олар Ativ Tab деп аталатын болады. Сонымен, Windows ОЖ негізінде жұмыс жасайтын компьютерлердің барлығы осылай аталатын болады.
Ресми Samsung: "Біз Ativ бренді көпшілікке Galaxy сияқты ұнайтынына үміттенеміз. Енді олар Galaxy брендін Android-пен байланыстырса, Ativ-ті Windows жүйесінде жұмыс жасайтын құрылғы деп түсінетін болады",-деп мәлімдеді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gadgetblog.ru