Samsung корпорациясы жақында Samsung Galaxy Tab 3 планшетінің үшінші нұсқасын таныстырды. Енді Sammobile ресурсы сол құрылғының 8-дюймдық нұсқасының жарыққа шығатындығын жариялады.
Сонымен, Samsung Galaxy Tab 3 (8.0) атына сай 8-дюймды, 1280х800 пиксель мүмкіндіктегі дисплеймен, 1,5-гигагерцті, екі ядролы процессормен және 1,5 ГБ оперативті жадпен жабдықталатын болады.
Мәліметтерді сақтау үшін 16 ГБ флеш-жадпен және microSD картасы есебінен 64 ГБ дейін ұлғаятын ішкі жадпен қамтамасыз етілген. Планшет екі камерамен жабдықталған. Олардың артқысы (негізгі) 5 мегапиксельді және 1,3 мегапиксельді фронтальды камера.
Samsung Galaxy Tab 3 (8.0) аккумуляторының сыйымдылығы 4450 мА/сағ құрайды. Планшет Wi-Fi 802.11 a/b/g/n және Bluetooth 4.0 сымсыз жіберу технологиясын қолдай алатын мүмкіндікке ие. Сондай-ақ GPS-қабылдағышы да бар. Ол 3G-модулінің болуына байланысты екі түрлі нұсқада шығарылмақ.
Құрылғының бағасы мен сатылымға шығу уақыты әзірге белгісіз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: ittrend.am