Samsung корпорациясы өзінің Galaxy смартфондарының сериясын кезекті рет толтырып, белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарға арналған Galaxy S4 Active 5-дюймды моделін таныстырды. Смартфон IP67 стандартына сай етіп жасалынған. Яғни шаң-тозаңнан және ылғалдан қорғана алады. Сондақ-ақ ол су астында 30 минутқа дейін бола алмақ.
Samsung Galaxy S4 Active 1,9-гигагерцті, төрт ядролы процессорды қолданады. Оның аты әзірге жариялана қойған жоқ. Оперативті жады 2 ГБ болса, флеш-жады 16 ГБ. Қолданушыға оның 11,25 ГБ пайдалануға мүмкіндік бар. Бірақ, оны microSD картасының көмегімен 64 ГБ дейін ұлғайту қарастырылған. Құрылғы экраны 1920х1080 пиксельді FullHD мүмкіндігіне ие (пиксельдер тығыздығы 443 ppi).
Смартфон екі камерамен жабдықталған: 2МП фронтальды және жарықдиоды бар 8 МП негізгі. Құрылғы Wi-Fi, Wi-Fi Direct, IrDA, NFC және Bluetooth 4.0 (LE) сымсыз технологияларын қолдай алады.
Смартфон габариттері 139,7х71,3х9,1 мм құраса, салмағы - 151 грамм болады. Аккумулятор сыйымдылығы 2600 мА/сағ.
Еуропа елдерінде Samsung Galaxy S4 Active 1-шілдеден бастап сатылымға шықпақ. Әзірге бағасы белгісіз болып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: 3dnews.ru