- Негізгі бет
- Шолу
- Samsung Galaxy Note...
Samsung Galaxy Note 4 смартфонының тизері жарияланды
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Samsung компаниясы Берлин қаласында өтікізілетін IFA 2014 жыл сайынғы көрмесінде жаңа тұсау кесерін жасауды жоспарлап отыр. Көптің күткеніндей, ендігіде оңтүстіккорейлік компания Samsung Galaxy Note флагманды смартфонының төртінші жаңғырығын көрсетеді. Осыған орай, жаңа смартфонның шығу алдындағы тизері жарияланды.
Расында, видеоролик жаңа флагманды смартфонға емес, оның қосалқы бөлігі болатын S Pen стилусы туралы болып отыр. Ал соңында Samsung бізден 3 қыркүйекке дайын ба екенімізді сұрап жатыр. Дегенмен, ол қаншаға бағаланып жатқаны және оның қашан сатылымға шығатыны туралы еш ақпарат айтылмай тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Samsung Galaxy Note 4 смартфонының алдын ала жарияланған мінездемесіне орай, ол 5,7-дюймді QHD-экранға ие болады. Сондай-ақ, 16-мегапиксельді негізгі камерамен және SoC Qualcomm Snapdragon 805/Samsung Exynos 5 Octa процессорымен жабдықталған. Жаңа планшетофонның өзге де сипаттамалары әзірге белгісіз.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: technodaily.ru
Ж. Өрісбай