Samsung Galaxy Note 3 металл корпусымен жабдықталатын болады

Қазіргі таңда Samsung компаниясы өз өнімдерін жаппай "металдандыруға" көшкен сияқты. "Осылайша оңтүстік кореялық алпауыт Apple компаниясының өнімдеріне шын бәсекелестік тудырмақ",-дейді мамандар. Бірақ Samsung осындай қадамға барып отырған себебін "HTC One смартфонының танымал болуына байланысты" деп түсіндірді. Яғни компанияны "шабыттандырып" отырған – дәл осы HTC One. 

Соның бір дәлелі ретінде, жақын болашақта жарық көретін Samsung Galaxy Note 3 смартфонын айтсақ болады. Дәлірек айтқанда, компания жаңа өнімін металл корпуспен жабдықтамақ екен.  

Бізге белгілісі Galaxy Note 3 жақында ғана нарыққа шыққан Galaxy S 4 смартфонының дизайнын қайталамайды. Құрылғы 6-дюймды Full HD дисплейімен жабдықталатын болады. Сондай-ақ онда Exynos 5 Octa процессоры орнатылып, сапалы суретке 13-мегапиксельді камера жауап береді. Операциондық жүйе ретінде Android-тың су жаңа нұсқасы (нақты қандай екені әзірге беймәлім) орнатылмақ.

   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: galaxy-droid.ru