Samsung Galaxy E7 қандай смартфон болмақ?

Samsung Galaxy E7 қандай смартфон болмақ?

Samsung компаниясы ағымдағы жылы нарықтағы беделін түсіріп алғаны туралы жазған болатынбыз. Сол себепті смартфондар нарығындағы бірнеше брендті өнімдерін шығаруды доғарған еді. Дегенмен бұл оңтүстіккорейлік компанияның стиліне келмейтін болар, тағы бір жаңа өнімнің анонсы болуға жақын. Жаңа смартфон Galaxy E7 деп аталады.

Техникалық мінездемесі мен қуаттылығын ескерер болсаңыз орта таптың өкілдеріне арналған өнім екенін байқайсыз. Гаджет 1,2 Ггц жиілікте жұмыс істейтін 4-ядролы Snapdragon 410 чипі негізінде құрастырылған.

Смартфонның айтарлықтай артықшылығы жоқ. Стандартты 2 ГБ жедел, 16 ГБ қосалқы жадысымен, сондай-ақ, 5,5- дюймді дисплей және екі камерамен (негізгі 12 МП, алдынғы 5 МП) жабдықталған.

Одан бөлек NFC, Wi-Fi, GPS және Bluetooth модульдері қамтылыпты. Ал батареяның көлемі туралы әзірге ақпарат берілмеді. Жедел жүйесі болса Android 4.4.4 KitKat платформасына ие.

Samsung компаниясы алдағы жоспарлары туралы бөлісуге асықпай отыр. Аталған жаңа өнімнің анонсы болатын күн де әзірге белгісіз. Дегенмен, келесі жылдың басына қарай өтіледі деген ресми емес ақпараттар тараған.

Сурет: samsungtomorrow.com

Ж. Өрісбай