Samsung 8 дюймды Galaxy Note планшетін дайындауда

Samsung 8 дюймды Galaxy Note планшетін дайындауда

Samsung компаниясы бүкіләлемдік технологиялар конгресінде (Mobile World Congress) өзінің жаңа Galaxy Note планшетін таныстыруға дайындалып жатыр.

Жаңа Galaxy Note 8.0 немесе GT-N5100 деп аталатын планшет 8,3 дюймды. Экраны 1280х800 нүктеге кеңейтілген. Жедел жады 2 Гб болса, ішкі жады 16 Гб-тан 32Гб-қа дейін болады екен. Сондай-ақ ішкі жедел жадын microSD-карта арқылы үлкейтуге де болады. Алдыңғы бөлігіндегі камера 1,3 мегапиксельді болса, артқы бөлігіндегі камера 5 мегапиксельге лайықталған.

Galaxy Note 8.0 планшетінің салмағы - 330 грамм. Ал жуандығы - 7,5 мм. Жаңа девайс Android 4.2 операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар Wi-Fi және ұялы телефонға арналған Wi-Fi модулі де болады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет:kurs.ru 

Ю. НИКУЛЛИН