Times of India басылымының жазуынша, Samsung компаниясы үнділік Reliance Industries-пен біріге отырып, LTE желісін қолдайтын ультра-бюджетті смартфондар өндірісін қолға алмақ екен. Оның келешектегі бағасы 100 $ болмақ.
Samsung бюджетті LTE-смартфоны сондай-ақ 4G сымсыз байланысымен де қамтылмақ. Әзірге аппараттың нақты техникалық мүмкіндіктері айтылған жоқ. Бірақ бір белгілісі, ол Android ОЖ негізінде жұмыс жасамақ.
Reliance Industries компаниясы ұялы телефонды осы жылдың аяғына қарай жаппай сатылымға шығаруды жоспарлап отыр екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: compulenta.ru