Rubbee — велосипедтерге арналған электроқозғалтқыш

Rubbee — велосипедтерге арналған электроқозғалтқыш

Велосипедпен ұзақ сапарға шығу сіздің сүйікті демалыс түріңіз болса, онда Rubbee нағыз сізге арналған таптырмас девайс болып табылады. Ол аяғыңыз педаль тебуден шаршаған кезде сізге көмекке келе алады.  

Нақтырақ айтсақ, Rubbee - велосипедке арналған электр фрикционды қозғалтқыш болып табылады. Оны екі дөңгелекті кез-келген велосипедке орнатып және де соның арқасында жылдамдықты сағатына 25 шақырымға дейін жеткізе аласыз. Құрылғының толық қуатпен жүру қашықтығы да 25 шақырымды құрайды. 

Rubbee велосипедке бірнеше секундтың ішінде ғана орнатылады. Оның салмағы 6,5 келіні құраса, ал аккумулятор сыйымдылығы 20000 мА/сағ болады. Ал қозғатқыш қуаты 800 Вт. Девайстың өзін-өзі толық қуаттауға 2 сағат уақыт жұмсалады.   

Алайда Rubbee құрылығысының басты кемшілігі - әзірге оның тек концепт қана болып тұрғандығында. Бірақ құрастырушы мамандар оны жақын арада тезірек өндіріске қосып, нарыққа шығаруды жоспарлап отырғандықтарын хабарлады. 

Rubbee элетроқозғатқышының қалай жұмыс жасайтынын төмендегі промо-роликтен тамашалай аласыз: 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет