Rolls-Royce компаниясы Женева қаласындағы автосалонда марка тарихындағы ең қуатты автокөлік – төрт орынды Wraith купені таныстырды.
Rolls-Royce Wraith көлігі Ghost седанының платформасына негізделіп жасалынған және көлемі жағынан да өзінің «туысынан» айтарлықтай ерекшеленбейді: әсіресе дөңгелек негізі, ол 183 миллиметрге ғана кішірек.
Өндіруші компания өкілдерінің мәлімдеуінше, купе жолаушылары өздерін седан жолаушылары секілді жайлылықты сезетін болады.
Автокөлікке V12 қозғалтқышы орнатылған, сондай-ақ, 8 сатылы ZF автоматты трансмиссиясы бар.
Автокөліктің күш құрылғысы 624 ат күшіне тең (465 кВт), ал жүз шақырым жылдамдыққа Rolls-Royce Wraith 4,4 секундта жетеді.
Көлік интерьері Canadel Panelling стилінде терімен және ағашпен қапталған.
Еуропа елдерінде Rolls-Royce Wraith-тің құны 245 000 евродан басталады. Алғашқы автокөліктер сатып алушыларға ағымдағы жылдың төртінші маусымында жеткізіледі.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет:news.rambler.ru